Русский Қазақша
Басты бет Хат жазу Мемлекеттiк рәміздер
 

Ұлттық жаңғыру мектебі

Мектептің құрылу тарихы
Ұлттық жаңғыру мектебі құрылуға дейін облыста жексенбілік сыныптар жұмыс істеп келді. 90 жылдардың басында: неміс, украин, еврей, татар-башқұрт жексенбілік сыныптары жұмыс жасап келді. 1996 жылдың қараша айында ұлттық жаңғыру мектебінің салтанатты ашылуы болып өтті. Мектептің ашылу қарсаңында 8 ұлттық бөлімдер жұмыс жасап тұрды: олар неміс, украин, еврей, татар-башқұрт, поляк, чуваш, кәріс және армян. 1997 жылы әзірбайжан және шешен-ингуш бөлімдері қосылды. Қазіргі уақытта мектепте 15 ұлттық бөлімдер жұмыс істеуде, онда балалар өз ана тілін оқып үйренумен қатар өз халқының мәдениетімен, тарихы және салт-дәстүрлерімен танысады.2005-2006 оқу жылы ұлттық бөлімдердің оқыту жоспарларына «Қазақ халқы мәдениетінің негіздері» атты оқулық енгізілді. Ана тілін оқытудағы негізгі тәжірибе ол оқушылардың мектептің шығармашылық ұстаханалары және ұлттық-мәдени орталықтардың шығармашылық ұйымдарының, облыс және қалалық деңгейде өткізілетін ұлттық және халық мерекелері, ұлтттар мәдениеті күндеріне арналған шараларында өз тілін және мәдениетін таныстыру жұмысына белсенді қатысуы. Мектептің көптеген оқушылары ұлттық-мәдени орталықтардың қолдауымен алған білімдерін жазғы демалыс кездерінде тарихи отандарына, сонымен қатар лингвистикалық лагерлерде жетілдіреді. Мектептің алғашқы директоры болған Қазақстан Республикасының білім үздігі Қайныш Құрмашевна Жұмадирова мектептің оқу-тәрбие жұмысының дамуына зор үлес енгізді. Ол кісі қорғаған мектеп концепциясы осы уақытқа дейін мектептің өміршең құжаты болып есептеледі. 2000 жылдан 2006 жылға дейін мектепті тәжірибелі ұстаз, Қазақстан Республикасының білім үздігі Қарлығаш Мұқанқызы Ахметова басқарды. 2006-2007 жылдары мектеп директоры Зәуре Оразалықызы Кәріпсейітова болды.2007 жылдан мектепті Ахажанова Бақытжан Мағауияқызы басқарады. Мектептің алғашқы ашылғанда жазылған өз гимны бар. Гимн авторлары Саша Стинский мектептің түлегі және Павлодарлық композитор, мектептің бұрынғы ұстазы Игорь Булатов.

Ұлттық жаңғыру мектебінің Ережесі. Құрылымы.
Ұлттық жаңғыру мектебі – Қазақстан Республикасын мекендеген халықтардың ана тілдерін, тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрлерін үйретіп оқытуға арналған қосымша білім беру оқу орны. Ұлттық жаңғыру мектебі Павлодар қаласы әкімінің шешімімен 1996 жылы Қазақстан халықтары кіші ассамблеясының өтініші бойынша ашылған.

Оқушылар саны – 436 адам.
Ұлттық бөлімдер саны – 16
Ұстаздар ұжымы – 28 адам.

Мектеп өз жұмысын «Білім туралы», «Тілдер туралы» заңдарға, Павлодар қаласы білім бөлімі бекіткен мектеп Ережесі және мектеп концепциясына сәйкес жүргізеді. Барлық ұлттық бөлімдердің оқу-әдістемелік құралдармен, аудио-бейне техникамен қамтамасыз етілген және ұлттық үлгіде безендірілген өз оқу кабинеттері бар.Оқу құралдарымен жабдықтауға Қазақстан халқы кіші ассамблеясының ұлттық-мәдени орталықтары ықпал етеді. Мектептің оқу жоспарына келесі пәндер енеді: ана тілі және әдебиет, мәдениет негізі, салт-дәстүрлер, елтану, фольклор, музыка, хореография, қолданба өнері, қазақ халқының мәдениет негізі.Оқыту мазмұны Павлодар облысы педагогика кадрларының біліктілігін арттыру институты лицензиясы берілген авторлық бағдарламалар бойынша айқындалады.
Сіз мемлекеттік тілді үйреніп жүрсіз бе?





Мекенжайы:
Павлодар қаласы, Ак. Сәтбаев көшесі, 136, № 413 кабинет
Сайт материалдарын дерек көздеріне көрсетіп пайдалануға ғана рұқсат етілген. Техникалық қолдау:
"ГГЦ" ЖШС.
support@ggc.kz