 |
 |
 |
Мұғалімдер күніне тарту
07.10.2009 Қазақстан Республикасы халқы тілдерінің күні жыл сайын қыркүйек айының үшінші жексенбісінде аталып өтуде. Осы айлықтың жалғасы ретінде мұғалімдер күні қарсаңында Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Мұғалімдер күніне тарту» атты акция ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің тапсырысы бойынша жарық көрген екі мыңнан астам құнды сөздіктер облыс білім беру басқармасына сыйға тартылды. Облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы Т.Ш.Әбілқасымов ұстаздар қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтап, мемлекеттік тілді дамыту мен насихаттауға қосқан үлестері үшін өз ризашылығын білдірді. Келешекте де осы бағытта қоян-қолтық еңбек етіп, үлкен жетістіктерге жететіндеріне зор сенім білдірді.

Облыс тілдерді дамыту
жөніндегі басқармасы
|
 |
|
 |