Русский Қазақша
Басты бет Хат жазу Мемлекеттiк рәміздер
 

«Тіл - халық жанын танудың кілті» байқауы

23.10.2009

2009 жылдың 22 қазанында Инновация және өнеркәсіп дамыту орталығында облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы «Тіл - халық жанын танудың кілті» атты байқауын өткізді.

Шараның басты мақсаты - «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қазақстанның орыс қауымы арасындағы өзара түсіністік пен әріптестік туралы» меморандумына сәйкес қазақ тілін жетік меңгерген жастарға қолдау көрсету. Бұл шараға Павлодар облысының қала және аудан жеңімпаздары мен мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің тіл мамандары қатысты. Аталған шарада облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының орынбасары Қ. Еділбай сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

87856.JPG

Байқау нәтижесі бойынша бірінші жүлделі орынға Качиры ауданынан келген Юлия Кузнецова ие болса, екінші мен үшінші орындарды Екібастұздық Любовь Кадык және Павлодарлық Марина Сахарова өзара бөлісті. Барлық қатысушылар дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Бірінші орынға ие болған Ю.Кузнецова Астана қаласында Тәуелсіздік күніне орай өткізілетін республикалық байқауға жолдама алды.

Сіз мемлекеттік тілді үйреніп жүрсіз бе?





Мекенжайы:
Павлодар қаласы, Ак. Сәтбаев көшесі, 136, № 413 кабинет
Сайт материалдарын дерек көздеріне көрсетіп пайдалануға ғана рұқсат етілген. Техникалық қолдау:
"ГГЦ" ЖШС.
support@ggc.kz