Русский Қазақша
Басты бет Хат жазу Мемлекеттiк рәміздер
 

Алқа мәжілісі

10.11.2009

2009 жылдың 6 қарашасында Кәсіпкерлік пен инновацияларды дамыту орталығының мәжіліс залында облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының алқа мәжілісі өтті. Аталған шараға департаменттер мен басқарма басшыларының орынбасарлары, қалалар мен аудандардағы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің бастықтары мен тіл мамандары, облыстық тіл саясатын жетілдіру жұмыс тобының және сараптау комиссиясының мүшелері, облыстық және қалалық депутаттар қатысты.

Шараның басты мақсаты - 2009 жылғы 15 қазанда облыс әкімі Б.Сағынтаевтың басшылығымен өткен Павлодар облысында мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыс тобы отырысы хаттамасындағы тапсырмаларын орындауды қатаң бақылауға алу.

100_5298.jpg

Аймағымызда атқырылған іс-шаралар жөнінде ақпаратпен басқарма бастығының орынбасары Қ.Еділбай және Ертіс, Качиры мен Успен аудандарындағы тіл саясатының орындалуы жөнінде мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің бастықтары есеп берді.

Мәжілісті облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы Т.Әбілқасымов қорытындылап, мемлекеттік тіл саясатын орындауда жетістіктер тіледі.

Сіз мемлекеттік тілді үйреніп жүрсіз бе?





Мекенжайы:
Павлодар қаласы, Ак. Сәтбаев көшесі, 136, № 413 кабинет
Сайт материалдарын дерек көздеріне көрсетіп пайдалануға ғана рұқсат етілген. Техникалық қолдау:
"ГГЦ" ЖШС.
support@ggc.kz