Русский Қазақша
Басты бет Хат жазу Мемлекеттiк рәміздер
 

«Қазақстанның ел бірлігі доктринасын» талқылау мақсатындағы «Тіл – ұлттық рухтың негізі» атты дөңгелек үстел

19.11.2009

2009 жылдың 18 қарашасында Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы облыстық Қазақстан халқы ассамблеясымен бірігіп Достық үйінің Мәжіліс залында «Қазақстанның ел бірлігі доктринасын» талқылау мақсатында «Тіл - ұлттық рухтың негізі» атты дөңгелек үстел өткізді. Бұл шараға облыстық ассамблеяның этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері, Ұлттық жаңғыру мектебінің оқытушылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

36985214.JPG

Басты мәселе - «Қазақстанның ел бірлігі доктринасын» талқылау аясында тілдердің өрісін дамыту үшін облысымызда атқарылған іс-шаралар және оны одан әрі кеңейтуде не жасауымыз керек деген сұрақтар қаралып, мемлекеттік тілді оқыту жолдары алға қойылды. Қатысушылар өз ой-пікірлерін білдіріп, облысымызда тек қана мемлекеттік тілге емес басқа да тілдердің дамуына барлық жағдай жасалғанын атап өтті.

Дөңгелек үстелдің соңында тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы Т.Әбілқасымов этномәдени бірлестіктердің басшыларын мемлекеттік тілді оқыту мен насихаттауда бірігіп жұмыс жасауға шақырып, кітапханаларына Тіл комитетінің тапсырысы бойынша шығарылған орысша-қазақша екі томдық сөздіктерді сыйлады. Онымен қоса, ұлттық жаңғыру мектебіне ұлттық бөлімшелерге арнайы басқарма тарапынан шығарылған «Бастауға бағдар» атты оқу-әдістемелігін сыйға тартты. Соңында тұңғыш Қазақ ССР-ң «Тіл туралы» Заңы мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының 20 жылдық мерейтойларына орай Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министірлігі Тіл комитетінің Құрмет грамотасымен Мұсылман-әйелдері Лигасы облыстық филиалының төрайымы Қожахметова Зәра Қабдышқызын марапаттады.

Сіз мемлекеттік тілді үйреніп жүрсіз бе?





Мекенжайы:
Павлодар қаласы, Ак. Сәтбаев көшесі, 136, № 413 кабинет
Сайт материалдарын дерек көздеріне көрсетіп пайдалануға ғана рұқсат етілген. Техникалық қолдау:
"ГГЦ" ЖШС.
support@ggc.kz