Русский Қазақша
Басты бет Хат жазу Мемлекеттiк рәміздер
 

Семинар-тренинг

20.11.2009

Тіл ахуалын жаңа заман талабына сай автоматтандырылған жүйемен мониторинг жасау арқылы елдегі барлық сала бойынша тіл мәселесінің қандай деңгейде екеніне талдау жасау мақсатында елімізде тілдік жағдайға мониторинг пен сараптама жүргізетін автоматтандырылған жүйені құру және дамыту жобасы қолға алынды.

1.jpg

2009 жылғы 19-20 қараша аралығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің тапсырысы бойынша Павлодар қаласында «Қазақстан Республикасы аумағындағы тілдік ахуалды талдау және мониторинг жүргізудің автоматтандырылған жүйесін дамыту» атты екі күндік семинар-тренинг өткізілді.

Семинарға Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің әдістемешісі Илишева Эльнура Әбдірашитқызы қатысып, аталған жүйе бойынша қалалар мен аудандардағы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мамандарына дәріс берді. Семинар қорытындысы бойынша облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы Талғат Шәйкенұлы Әбілқасымов қатысушыларға арнайы сертификаттар табыс етті.

Сіз мемлекеттік тілді үйреніп жүрсіз бе?





Мекенжайы:
Павлодар қаласы, Ак. Сәтбаев көшесі, 136, № 413 кабинет
Сайт материалдарын дерек көздеріне көрсетіп пайдалануға ғана рұқсат етілген. Техникалық қолдау:
"ГГЦ" ЖШС.
support@ggc.kz