Дөңгелек үстел
03.12.2009
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XV сессиясында берген тапсырмаларын орындау мақсатында 2009 жылғы 2 желтоқсанда облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада Мемлекеттік тілді дамыту Президенттік қоры директорының орынбасары С. Ерғалидың қатысуымен мемлекеттік тілді оқыту жөнінде дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Аталған шараға облыс мемлекеттік органдардағы тіл саясатымен айналысатын мамандар, аймағымыздағы тілдерді оқыту орталықтарының
қазақ тілі мұғалімдері және кәсіпорындардағы тіл мәселесімен айналысатын мамандар мен аудармашылар қатысты. Дөңгелек
үстелде тілді оқытудың кейбір қыр-сырларымен бірге мемлекеттік тілді насихаттаудың жолдары қарастырылды. Соңында барлық қатысушыларға Мемлекеттік тілді дамыту Президенттік қорының әр
түрлі этностық топтарда қазақ тілін оқытушыларға арналған тренингте
қатысқаны үшін сертификаттары табыс етілді.