«Тіл тағдыры - ел тағдыры» атты облыстық жастар форумы
25.12.2009
2009 жылғы 23 желтоқсанда облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы «Нұр Отан» ХДП ПОФ-мен бірлесіп, партия ғимаратының Мәжіліс залында тұңғыш Қазақ ССР-ң «Тіл туралы» Заңы мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының 20 жылдық мерейтойлары шеңберінде «Тіл тағдыры - ел тағдыры» атты өзге ұлт жастарының қатысуымен облыстық форумын өткізді. Бұл шараға Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық филиалының төрағасы, облыстық білім беру, мәдениет және ішкі саясат басқарма басшыларының орынбасарлары, қала, аудан мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары, аймағымыздың жоғары оқу орындарының проректорлары мен халық қалаулылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Басты мәселе - мемлекеттік тілдің өрісін дамыту үшін облысымызда қандай іс - шаралар өткізілді және оны одан әрі кеңейтуде не жасауымыз керек деген сұрақтар талқыланды.
Форум соңында тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы Т.Әбілқасымов мемлекеттік тілді жетік меңгерген және оны кеңінен насихаттауға қомақты үлес қосқан өзге ұлт жастарын алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапаттады.