«Қазақша сөйлесейік» атты акциясы
08.04.2010
2010 жылғы 7 сәуірде «Нұр Отан» ХДП Павлодар облыстық филиалы облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасымен бірлесіп «Қазақша сөйлесейік» атты акциясын павлодарлық жол бөлімі, теміржол вокзалы қызметкерлерімен ұйымдастырды.
Аталмыш шараның басты мақсаты - мемлекеттік тілдің тұрмыстық қызмет көрсету салаларында, анықтамалық-ақпараттық қызметте қолданылуын қамтамасыз ету, оның әлеуметтік рөлін және деңгейін көтеру, мемлекеттік тіл саясатын насихаттау және «ҚР Тіл туралы» Заңнамасы жөнінде түсінік беру.
Мекеменің басшылығы бұл акцияны қолдап, мемлекеттік тілді меңгерудегі өз жетістіктерімен және қазақ тілін оқыту процессімен таныстырды.