Русский Қазақша
Басты бет Хат жазу Мемлекеттiк рәміздер
 

«Қазақша сөйлесейік» атты акциясы

14.05.2010

2010 жылғы 12 мамырда «Нұр Отан» ХДП Павлодар облыстық филиалы мен облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы бірлесіп «Қазақша сөйлесейік» атты акциясын «Қазпочта» АҚ Павлодар филиалының қызметкерлерімен ұйымдастырды.

post.jpg

Аталмыш шараның басты мақсаты - мемлекеттік тілдің тұрмыстық қызмет көрсету салаларында, анықтамалық-ақпараттық қызметте қолданылуын қамтамасыз ету, оның әлеуметтік рөлін және деңгейін көтеру, «ҚР Тіл туралы» Заңнамасы жөнінде түсінік беру.

Мекеменің басшылығы бұл акцияны қолдап, мемлекеттік тілді меңгерудегі өз жетістіктерімен және қазақ тілін оқыту процессімен таныстырды.

Өз кезегінде облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқарма бастығының міндетін атқарушы Қ.Ш. Еділбай мекеме басшылығына қазақша-орысша және қазақ тілінің түсіндірме сөздіктерін сыйға тартып, әр уақытта қолұшын беруге даяр екенін айтып өтті.
Сіз мемлекеттік тілді үйреніп жүрсіз бе?





Мекенжайы:
Павлодар қаласы, Ак. Сәтбаев көшесі, 136, № 413 кабинет
Сайт материалдарын дерек көздеріне көрсетіп пайдалануға ғана рұқсат етілген. Техникалық қолдау:
"ГГЦ" ЖШС.
support@ggc.kz