«Славян жазбалары мен мәдениеті» атты фестивалі
25.05.2010
2010 жылғы 23 мамырда Достық үйінің үлкен залында облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының қолдауымен, Славян мәдениет орталығы және көпұлтты еліміздің барлық халқының мүддесінен танылған Павлодар облысының Қазақстан халқы ассамблеясымен бірлесіп, «Славян жазбалары мен мәдениеті» атты фестиваль өткізілді. Шара барысында Достық үйінің фойесінде славян этномәдени бірлестіктерінің халықтық қолданбалы өнер көрмесі ұйымдастырылды.
Жалпы мәдениет пен жазбалар күнін әлемнің көптеген елдері тойлайды. Жүзден астам ұлт өкілдері Отаным деп таныған Қазақстан қоғамының басты байлығы – этникалық үндестікті, азаматтық бірлік пен реттілікті қалыптастырып отыр. Қазақстандағы славян мәдениеті мен жазбалар күні славян халқының дәстүрлі мерекесінің біріне айналды.
Шараның басты мақсаты - өркениет тарихындағы Кирилл жазулары мен славян мәдениетінің рөлі және олардың заманауи мәдениет кеңістігіндегі хал-ақуалы. Бұл шараға Павлодар облысы мен қаласының мәдениет және білім мекемелерінің қызметкерлері, мекеме басшылары және Қазақстан халқы ассамблеясы этномәдени бірлестік мүшелері қатысты. Аталған шарада облыс әкімінің орынбасары А.Қ. Ғалымова сөз сөйлеп, барша халықты мейраммен құттықтады. Фестиваль соңында жыл бойы белсенділік танытқан славян этномәдени бірлестіктерінің мүшелері облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының алғыс хаты және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы