Русский Қазақша
Басты бет Хат жазу Мемлекеттiк рәміздер
 

Дөңгелек үстел

25.05.2010

foto_kc.jpg2010 жылдың 24 мамырында Достық үйінің кіші залында «Қазақстанның бүгінгі тіл саясаты. Тілдердің достығы» атты дөңгелек үстел өтті. Аталған шара облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының қолдауымен, Славян мәдениет орталығы және көпұлтты еліміздің барлық халқының мүддесінен танылған Павлодар облысының Қазақстан халқы ассамблеясымен бірлесіп, Славян жазбалары мен мәдениеті апталығының шеңберінде өткізілді.

            Шараның басты мақсаты - өркениет тарихындағы Кирилл жазулары мен славян мәдениетінің рөлі және олардың заманауи мәдениет кеңістігіндегі хал-ақуалы. Бұл шараға Павлодар облысының ішкі саясат, мәдениет және білім беру басқарма бастықтарының орынбасарлары, жоғары оқу орындарының орыс тілі мен әдебиет және шет тілдер кафедра меңгерушілері, кітапхана, музей директорлары мен Ұэтномәдени бірлестіктерінің басшылары қатысты. Аталған шарада облыс Қазақстан халқы ассамблея төрағасының орынбасары И.Б. Әбдіхалықов сөз сөйледі. Дөңгелек үстелдің жұмысын тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы Т.Ш. Әбілқасымов қорытындылады. Өз тарапынан жиналған қауымға алғысын білдіріп барлық қатысушыларға «Славян жазбалары күні мен мәдениеті» атты буклеттерді сыйға тартты..  

Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы

Сіз мемлекеттік тілді үйреніп жүрсіз бе?





Мекенжайы:
Павлодар қаласы, Ак. Сәтбаев көшесі, 136, № 413 кабинет
Сайт материалдарын дерек көздеріне көрсетіп пайдалануға ғана рұқсат етілген. Техникалық қолдау:
"ГГЦ" ЖШС.
support@ggc.kz