«Қазақша сөйлесейік» атты акциясы
17.06.2010

2010 жылғы 9 маусымда «Нұр Отан» ХДП Павлодар облыстық филиалы облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасымен бірлесіп «Қазақша сөйлесейік» атты акциясын Альянс банкі қызметкерлерімен ұйымдастырды.
Аталмыш шараның басты мақсаты - мемлекеттік тілдің тұрмыстық қызмет көрсету салаларында, анықтамалық-ақпараттық қызметте қолданылуын қамтамасыз ету, оның әлеуметтік рөлін және деңгейін көтеру, мемлекеттік тіл саясатын насихаттау және «ҚР Тіл туралы» Заңнамасы жөнінде түсінік беру.
Мекеменің басшылығы бұл акцияны қолдап, мемлекеттік тілді меңгерудегі өз жетістіктерімен және қазақ тілін оқыту процессімен таныстырды.