Русский Қазақша
Басты бет Хат жазу Мемлекеттiк рәміздер
 

«Мақсұтым – тіл ұстартып, өнер шашпақ..» - атты Абай оқуларының байқауы

18.06.2010

2010 жылғы 18 маусымда облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы, Естай атындағы қалалық Мәдениет сарайының кіші залында дәстүрлі облыстық «Мақсұтым - тіл ұстартып, өнер шашпақ..» атты Абай оқуларының байқауын өткізді.

abay.JPGБайқаудың мақсаты - Абай шығармашылығын насихаттау арқылы облыста тұратын өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілі мен әдебиетіне деген ықылас-ынтасын жандандыру, қазақстандық рухани бірлікті қалыптастыру, отансүйгіштік сезімді арттыру.

Бұл байқауға аудандар мен қалалардағы өткен байқаулардың бас жүлдегерлері қатысты. Аталған шарада облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының орынбасары Қ. Еділбай сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Байқау нәтижесі бойынша бірінші жүлделі орынға Железин ауданынан келген Лидия Жевняк ие болса, екінші мен үшінші орындарды Ақсулық Назиза Валиева мен Шарбақтылық Бартель Артур өзара бөлісті. Барлық қатысушылар бағалы сыйлықтар, дипломдар және алғыс хаттармен марапатталды. Бірінші орынға ие болған Л. Жевняк Астана қаласында өтетін республикалық байқауға жолдама алды.

Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы

Сіз мемлекеттік тілді үйреніп жүрсіз бе?





Мекенжайы:
Павлодар қаласы, Ак. Сәтбаев көшесі, 136, № 413 кабинет
Сайт материалдарын дерек көздеріне көрсетіп пайдалануға ғана рұқсат етілген. Техникалық қолдау:
"ГГЦ" ЖШС.
support@ggc.kz