Баспасөз конференциясы
23.07.2010
2010 жылғы 23 шілдеде облыс әкімдігінің медиа-жоспарына сәйкес Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасында «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2009-2010 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспарының» орындалу барысы жөнінде «Облысымыздағы мемлекеттік тіл саясаты» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Баспасөз конференциясында облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы Т.Ш. Әбілқасымов бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін толғандырып жүрген тіл мәселесіне байланысты сан алуан сұрақтарына жауап берді. Өз сөзінде Басқарма бастығы 2009-2010 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспарының жүйелі түрде орындалып жатқандығын, сондай-ақ Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың №550 Жарлығына сәйкес облысымызға қарасты мемлекеттік мекемелердің іс қағаздарын мемлекеттік тілге көшіру үрдісі ойдағыдай іске асқанын және қазіргі таңда оның сапалы жүргізілуіне басты назар аударып отырғандығын қадап айтты.
Сонымен қатар Т.Ш. Әбілқасымов Қазақстан халқы Ассамблеясының ХҮ сессиясындағы Президентіміздің мемлекеттік тіл − халық бірлігінің ең басты факторы деген сөзін тілге тиек ете отырып, барша қазақстандықтардың мемлекеттік тілді үйренуі үшін мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалып жатқандығын атап өтті.